Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
<p><strong>Биылғы 5 ай ішінде 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 11%-ға төмен. Сондай-ақ осы қылмыс түрінің ашылу көрсеткішінде оң динамика байқалып отыр, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, ұрланған 1 730 бас малдың 1 007-сі иелеріне қайтарылған.
12 жылға сотталуы мүмкін: Алматы облысында мал ұрлығымен айналысқан екі топ қамауға алынды
Жамбыл облысында жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 25 бас ірі қара малдың ұрлану дерегі ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында өңірдің 3 тұрғыны ұсталды. Олар түнгі уақытта жүк көлігін пайдаланып, жайылымнан мал ұрлап, кейін оның бір бөлігін делдалдар арқылы сатып жіберген. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.
Бұған дейін Жетісу облысының Ескелді ауданында 46 миллион теңгеден астам шығын келтірген мал ұрлығы фактісі анықталып, отарды 17 жыл баққан шопан қылмысқа басты күдікті ретінде саналып отырғаны айтылған.