Әлеуметтік желідегі алаяқтық: 3 миллион теңгені иемденген күдікті қолға түсті
<p data-start="250" data-end="364">Қазақстан ІІМ-ің сұрауы бойынша Түркияда ұсталған алаяқтыққа күдікті азамат Қазақстанға депортацияланды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында әлеуметтік желілер арқылы екі атыраулық тұрғынды алдап, олардың 3 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркияның Самсун қаласында қолға түсті. Оны елге қайтаруға Қазақстан ІІМ-нің Түркиядағы өкілі мен Қазақстан елшілігі көмектесті.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салайық, Астанада грантқа түсіремін деп 111 адамды алдаған алаяқ сотталды.
Алматыда алаяқтардың құрығына ілінген зейнеткерлер 1,5 млрд теңгесінен айырылды.
Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинағаны белгілі болды.