Ел қоржынына тағы бір алтын: Санжар Ташкенбай әлем кубогының чемпионы атанды
<p>Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбай әлем кубогында жеңімпаз атанды. Ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қарсылас шақ келтірмеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Финалдық кездесуде Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы, өзбекстандық Асылбек Жалиловпен жұдырықтасты. Тартысқа толы жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіс отандасымызға берілді.
Санжар турнир барысында қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға жолдама алған болатын. Ширек финалда ол қырғызстандық Анваржан Ходжиевті 5:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда испаниялық Мартин Сальвадорды дәл сондай есеппен ұтты.
Осылайша Санжар Тәшкенбай Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогының тағы бір алтын жүлдесін салды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құрама сапынан Назым Қызайбай да әлем кубогында алтын медаль жеңіп алған болатын.