Тағзым
1 мин оқу 30

Есімі мәңгілік сақталады

<p style="text-align: left;">Дәстүрлі академиктер отбасының ұйытқысы, гео&shy;графия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Сәрсен&shy;қызы Бейсенованың өмірі мен мұрасы тағылымды.&nbsp;</p>

Есімі мәңгілік сақталады

Әлия Сәрсенқызы саналы ғұмырын отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына арнап, география және экология ғылымдарының қалыптасуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Ол Қазақстан табиғатын зерттеу, географиялық ой-пікірлердің тарихын зерделеу, экологиялық білім мен тәрбие беру салаларында іргелі ғылыми еңбектер жазып, көптеген ғалымды тәрбиеледі.

Ғылыми-педагогикалық қыз­меті барысында сансыз шәкірт даярлап, ғылыми мектеп қалып­тастырды. Оның есімі мен ең­бектері Қазақстан ғылымының алтын қорында мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Академиктің география, экология бағытындағы монографиялары орта және жас буын зерттеушілер арқа сүйейтін еңбек болып қалатынына сенімдіміз.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті

Бөлісу: