Тағзым
1 мин оқу 20

Ғылымға арналған ғұмыр

<p style="text-align: left;">Әлия Бейсенова &ndash; қазақ қыздары арасынан шық&shy;қан алғашқы география ғылым&shy;дарының докторы. Ол табиғатты қорғау, физикалық география, ландшафт экологиясы және экологиялық білім беру бағыттарында ғылыми мектеп қалыптастырды, көп&shy;теген ғылым докторы мен кандидатын тәрбиеледі. 500-ге жуық ғылыми мақала, 20-дан астам монографияның авторы.</p>

Ғылымға арналған ғұмыр

Ғалымның ең ірі ғылыми жетіс­тігінің бірі – Қазақстан атласын жасауы. Ол көп жылдық еңбектің нәтижесінде еліміздің табиғи ресурстары, физикалық-географиялық 
ерекшеліктері мен экологиялық жағдайын қамтитын кешенді атлас карталарын дайындауға жетекшілік етіп, отандық картография ғылымын жаңа деңгейге көтерді. Бұл еңбек еліміз үшін аса маңызды ғылыми жетістік ретінде жоғары бағаланып, 2013 жылы Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сонымен қатар ол «Қазақстан табиғатын қорғау», «Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерт­теу», «Қазақстандағы геогра­фиялық зерттеулердің тарихи негізі» сияқты іргелі монографиялар жазып, география ғылымының теориялық және қолданбалы негізін кеңейтті.

1986 жылы оның бастамасымен Абай университетінде «Ландшафттар экологиясы және табиғатты қорғау» зертханасы құрылып, экологиялық білім берудің жаңа бағыты қалыптасты. Ол сондай-ақ қазақ тіліндегі география оқу­лықтарын әзірлеуге белсенді атсалысып, ұлттық білім жүйесіне де зор үлес қосты.

Әлия Сәрсенқызы даңқты ері Серік Смайылұлы екеуі отандық ғылым-білімнің мәуелі бәйтерегіне айналды.

Абай университетінің мақта­нышы деңгейіндегі  ғалым мұрасы бүгін де, болашақта да геог­рафия-экология саласының темірқазығы болып тұрады. 

 

Күләш Қаймулдинова,

Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, география ғылымдарының докторы 

Бөлісу: