Көрме
1 мин оқу 60

Көрме төрінде – Олжас әлемі

<p style="text-align: left;">Алматы қаласындағы &laquo;Almaty Museum of Arts&raquo; музейінде қазақ руханиятының көрнекті өкілі, ақын, қоғам қайраткері, дипломат әрі зерттеуші Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған мәдени кеш өтті.</p>

Көрме төрінде – Олжас әлемі

Тағылымды жиынға мәдениет пен өнер саласының өкіл­дері, қаламгерлер, архив ісінің мамандары мен ақын шығарма­шылығын қадір тұтатын зиялы қауым жиналды. Кездесуде Олжас Сүлейменовтің қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, азаматтық ұстанымы, халық­аралық деңгейдегі қызметі, бай шығармашылық мұрасының құндылығы кеңінен айтылды.

Іс-шараның маңызды бөлігі ақынның өмір жолы мен шы­ғармашылық әлемін танытатын архивтік фотоқұжаттар көрмесі болды. Экспозицияға әр кезеңнің тынысын жеткізетін сирек фотосуреттер мен тарихи құжаттар қойылып, келу­шілерге Олжас Сүлейменов тұлға­сының сан қырын тереңірек тануға мүмкіндік берілді. Бүгінде Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазба­­­лары архивінің қорында қаламгердің өмірі мен қызметіне қатысты жүзге жуық құнды құжат сақтаулы.

Көрме мен мәдени кездесу ұлт руханиятында айрықша орны бар тұлғаның шығармашылық мұрасын дәріптеуге, оның әдеби және қоғамдық қызметінің маңы­­­зын кеңінен насихаттауға арналды. Шара ақын еңбек­тері­нің уақыт өткен сайын өзек­тілі­­гін жоғалтпай, қоғамның руха­ни дамуына қызмет етіп келе жатқанын тағы бір мәрте айқын­дады.

Мәдени кешті Орталық мемле­кеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архиві «Almaty Museum of Arts «музейі­мен және ЮНЕСКО жанын­­дағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу:
Көрме төрінде – Олжас әлемі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар