Сауда
1 мин оқу 40

Қазақстанда сауда көлемі бес айда 28 трлн теңгеден асты

<p><strong>Биылғы қаңтар &minus; мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. &laquo;Сауда&raquo; саласының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 105,6%-ды құрады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Қазақстанда сауда көлемі бес айда 28 трлн теңгеден асты

Есепті кезеңде көтерме сауда көлемі 19,6 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5% артты. Бұл көрсеткіш елдегі сауда белсенділігінің өсуіне және экономикалық белсенділіктің нығаюына елеулі үлес қосты.

Статистика бюросы

Бөлшек сауда саласында да оң үрдіс жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы 5 айында бөлшек сауда көлемі 9 трлн теңгені құрап, нақты мәнде 3,6% өсті.

Қазақстан Ауғанстанның астанасынан сауда үйін ашты

Сауда көлемі бойынша жетекші өңірлер қатарында Алматы (жалпы көлемдегі үлес салмағы – 34,5%) және Астана (13,9%) қалалары, сондай-ақ Атырау (11,5%) және Қарағанды (6,1%) облыстары  мен Шымкент қаласы (5%) бар.

Статистика бюросы

Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті

Бөлісу: