Есірткі
1 мин оқу 30

Алматыда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

<p><strong>Алматы қаласының полицейлері ІІМ-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетіндегі әріптестерімен бірлесіп, синтетикалық есірткі өндіретін зертхананы жойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Алматыда синтетикалық есірткі өндірген зертхана жойылды

Тінту барысында құқық қорғау органдары көп мөлшердегі жабдықтар және химиялық заттарды тәркіледі. Нақты айтқанда, қолдан жасалған реактор, химиялық сұйықтықтар, зертханалық ыдыстар, таразылар, вакуумды қаптау құрылғылары және есірткіні мөлшерлеп орауға арналған пакеттер табылған. 

«Тәркіленген барлық заттар сот сараптамасына жіберілді. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство.

Талдықорғанда есірткі таратқан ерлі-зайыпты ұсталды

Полицияда есірткі өндіру мен оны өткізудің ауыр қылмыс болып саналатынын және мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Бұған дейін Ақмола облысында полицейлер ірі есірткі сатушының қызметін тоқтатты.

 

Бөлісу: