Пуэрто-Рикоға жолдама алды
<p style="text-align: left;">Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мекте­бінің 9-сынып оқушылары Сауран Ғилым мен Әли­хан Мырзахметов World Robot Olympiad 2026 олим­­пиа­дасының республикалық кезеңінде жеңіске жетті.</p>
Еліміздің әр түкпірінен жиналған 286 оқушы роботтехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау бағыттары бойынша сынға түсті. Оқушылар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша жарысты.
Биылғы маусым «Robots Meet Culture» тақырыбымен өтті. Жарысқа қатысушылар бұл жолы мәдениет пен технологияның тоғысын көрсететін жобалар ұсынып, роботтехника арқылы тың шешімдер әзірледі.
Сайысқа Орал қаласындағы NIS-тен 4 категория бойынша 8 оқушы қатысып, бақ сынаған болатын. Нәтижесінде, олардың «Archo AI» жобасы үздік шықты. Тарихи жәдігерлерді зерттеп, олардың жай-күйі мен жасын анықтайтын, жасанды интеллектімен жұмыс істейтін бұл бірегей аппарат отандық тарих, мәдениет және өнер саласын цифрландыруға үлкен үлес қосады. Бүгінгі күні өте өзекті бұл жобаның жетекшісі – мектептегі инженерлік-техникалық шығармашылық және ақпараттық технологиялардың кеңейтілген зертханасының меңгерушісі Медет Бисекенов.
Оралдық қос шәкірт енді роботтехника додасының Пуэрто-Рикода өтетін халықаралық кезеңіне жолдама алды.
Батыс Қазақстан облысы