Талбесік
2 мин оқу 100

Тағылардың соқпағы

<p style="text-align: left;">Алтайдың ұшар басын адам аяғы сирек басады. Сол үшін де жалама шыңдарда жортқан жануарлардың тіршілігін бақылау оңай емес. Алайда, заманауи технологияның көмегімен табиғаттың тынысын үнсіз бақылап жүрген Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері бұл жолы да ауыз толтырып айтатындай фото олжаға кенелді.</p>

Тағылардың соқпағы

Өткен жылдың жел­тоқсанында Ка­тон­қарағай мем­­лекеттік ұлттық табиғи пар­кінің шалғай айналымдарына жабайы жануарларды бақылау үшін арнайы фото тұзақтар орнатылған-ды. Маусым айында жүргізілген кезекті тексеру кезінде мамандар күтпеген әрі қызықты деректерге көз жеткізді. Фотосуреттерге зер салсақ, бір ғана соқпақпен әр мезгілде әртүрлі жануарлардың жүргені анықталды. Фото тұ­зақ объективіне қоңыр аю, құну, тау ешкілері және қыс мез­гілінде қасқырлар түскен. Бұл та­биғаттағы тіршілік ті­збе­гінің үзілмегенін, жануар­лардың өз мекенінде еркін қозғалып жүргенін көрсетеді.

п

– Құрған фото тұзағы­мыз­ды аңдардың бірі бүлдіріп тас­тапты. Әйтеуір жады кар­тасы аман. Ауылға түсе сала кар­таны қарасақ, бір соқ­пақ­­пен жүрген бірнеше аң тү­сіпті. Тағы бір құпия бар. Оны кейін айта жатармыз, – деді Жануарлар әлемін қорғау және өндіру бөлімінің меңгерушісі Ерік Қасымов.

ж

Әсіресе, бір соқпақтың бо­йынан бірнеше аң түрінің тіркелуі табиғаттағы үйле­сім­­ділікті аңғартады. Бір қара­ғанда, иен жатқан тау шат­қалдары мен орман белдеу­лерінде тіршілік қайнап жатыр. Қоңыр аюдың салмақты жүрісі, тау ешкілерінің жартас­ты беткейлердегі ши­­рақ қи­мылы, қас­­қыр­лардың қысқы қозғалысы бәрі таби­ғаттың заңдылығымен өмір сүріп жатқанын дәлелдейді.

э

Табиғаттың шынайы кө­рінісі көбінесе адам көзінен та­сада қалады. Ал фото тұзақтар сол құпия әлемнің бір сәтін кадрға түсіріп, жа­байы табиғаттың үнсіз өмі­рінен сыр шертеді.

Шығыс Қазақстан облысы,

Катонқарағай ауданы 

Бөлісу: