Форум
2 мин оқу 30

Билік пен қоғам дәнекері

<p style="text-align: left;">Кеше Астанада Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған &laquo;Media &amp; Gov Connect&raquo; республикалық медиафорумы өтті.</p>

Билік пен қоғам дәнекері

Іс-шараға орталық және өңірлік мемлекеттік органдардан 70-тен астам баспасөз хатшысы мен PR саласының мамандары қатысты. Іс-шараның ашы­­­луында агенттік төрағасы Дархан Жазықбай медиафорумның мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық әрі тиімді коммуникацияны нығайтудағы маңызы жайында айтып, еліміздегі мем­лекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағыт­талған ауқымды өзгерістерге тоқ­талды.

– Конституциялық реформалар, сая­си және институционалдық жаңғыру үдерістері, сондай-ақ «Мемлекеттік қыз­мет туралы» жақында қабылданған заң мемлекеттік басқарудың жаңа сапасын айқындап, ашықтыққа, есептілікке, кәсібилікке және адамға бағдарлануға негіз­делген жаңа басқару мәдениетін қа­лып­тастыруды көздейді. Бұл ретте Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңызы ерекше. Халықпен ашық әрі сенімді диалог жасау – тиімді мемлекеттік басқарудың басты шарттарының бірі, – деді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігі қабылданған шешімдердің нәтижесімен ғана емес, қоғаммен өзара іс-қимылдың сапасымен де бағаланатынын айтып, ашықтық, есептілік және кері бай­ланыс мемлекеттік қызметшінің күн­делікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін жеткізді.

Іс-шарада Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов баспасөз хатшыларының қоғам мен билік арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етудегі маңызды рөлі туралы айтты.

Президент жанындағы «ОКҚ» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Асқар Омаров форум қатысу­шыларына ақпараттың ашықтығы мен жеделдігін арттыру, мемлекеттік сая­сатты халыққа түсінікті жеткізу мен кәсіби медиакоммуникацияны дамыту мәселелерінің өзектілігі жайында баяндады.

Форумда отандық медиа саласының сарапшылары мен заңгерлер жасанды интеллект дәуірінде ақпарат көздерімен тиімді жұмыс істеу, ақпарат тарату бары­сында құқықтық жауапкершілік пен медиа­сауаттылық тақырыбында шебер­лік сабақтарын өткізді.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат­тық-үйлестіру орталығының басшысы Руслан Бекарсланов жалған ақпаратқа қарсы   іс-қимылдың заманауи тәсілдері жөнін­де сөз сөйлеп, дезинформация­мен күрестегі өзекті мәселелерді талқы­ланды.

«Media & Gov Connect» респуб­ликалық медиафорумы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері ара­сындағы кәсіби байланысты нығай­туға, тәжірибе алмасу мен жаңа комму­никациялық тәсілдерді меңгеруге мүм­кін­дік беретін дәстүрлі алаң ретінде жалғасын таппақ.

Бөлісу:
Билік пен қоғам дәнекері · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар