Парламент
1 мин оқу 40

Былтыр республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады

<p><strong>Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің кірістері туралы баяндады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Былтыр республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады

Қаржы министрінің айтуынша, жалпы 2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 99% орындалып, 21,4 трлн теңгені құрап отыр.

«Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті», деді Мәди Такиев.

Негізгі жұмыс, орнықты мұнайға қатысы жоқ кіріс базасын кеңейтуге, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға және тиімсіз жеңілдіктерді қысқартуға бағытталады.

Үш жылда бюджет саласындағы 1,2 млн азаматтың жалақысы өсті

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өскенін хабарлаған едік.  

Бөлісу:
Былтыр республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар