Экспорт
1 мин оқу 20

Олжас Бектенов: 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті

<p><strong>Премьер-министр Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының отандық IT-бизнес мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларының орындалуы шеңберінде цифрлық экономиканы дамыту және отандық IT-қызметтер экспортын арттыру мәселесіне қатысты қойылған депутат сауалына жауап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Олжас Бектенов: 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде Цифрлық кодекс, «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданып, цифрлық трансформациялау мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясы бекітілді.

«IT экспортын айтатын болсақ, бұл экономикамыздың өте маңызды бөлігі. 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті. Бұл жақсы нәтиже деп айтуға болады. Мысалы өткен жылдармен салыстыратын болсақ, 2024 жылы бұл көрсеткіш 690 млн доллар болды. Яғни, бір жылдың ішінде 60%-ға өсті», деді Олжас Бектенов.

Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректері бойынша, отандық IT-компаниялар жаһандық нарықта табысты бәсекеге түсіп, елімізге валюталық түсім әкеліп қана қоймай, жоғары жалақы төленетін жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп отыр. Мұндай нәтижелер цифрлық экономиканы дамыту, технологиялық кәсіпкерлік үшін қолайлы орта қалыптастыру және білікті кадрлар даярлауға бағытталған орнықты мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды.

Үкімет цифрлық экономиканы дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллект саласында кадрлар даярлау және отандық IT-индустрияның одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады.

IT саласына арналған салық жеңілдіктері 2045 жылға дейін ұзартылуы мүмкін

Бөлісу:
Олжас Бектенов: 2025 жылы IT экспортының көлемі 1,1 млрд долларға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар