Ата заң
1 мин оқу 40

Брайль қарпінде жарық көрді

<p style="text-align: left;">Ұлттық кітапханада Брайль қарпімен басылған жаңа Конституция &shy;та&shy;ныс&shy;тырылды.</p>

Брайль қарпінде жарық көрді

Бұл бастама зағип және ­нашар көретін азаматтардың Ата заңды оқуына мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғауға және қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің ­өкіл­дері, заң саласының ­мамандары мен осы бағытта жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың жетек­шілері қатысты.

Жиын барысында қатысу­шылар Брайль қарпінде жарық көрген Конституцияның ­маңы­­зына тоқталып, Ата заңның ­бар­шаға бірдей қолжетімді ­болуы қоғамдағы теңдік пен әділет қағидаттарын нығайтатынын атап өтті.

Алдағы уақытта Брайль қар­пімен басылған Консти­­ту­ция­ның даналары өңірлердегі ­арнайы кітапханалар мен зағип және нашар көретін азаматтарға қызмет көрсететін мекемелерге жолданады.

Бөлісу:
Брайль қарпінде жарық көрді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар