Ғылым
2 мин оқу 40

Аспандағы аурухана: Қазақстанда алғаш рет C909 ұшатын госпиталі таныстырылды

<p>Алматы қаласында &laquo;Денсаулыққа бастар әуе Жібек жолы&raquo; жаһандық бастамасы аясында ұйымдастырылған C909 &laquo;Офтальмология және ЛОР-денсаулығы&raquo; ұшатын госпиталінің Орталық Азия миссиясының салтанатты ашылу рәсімі өтті,&nbsp;деп хабарлайды<em>&nbsp;</em><a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Аспандағы аурухана: Қазақстанда алғаш рет C909 ұшатын госпиталі таныстырылды

Бастама Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Фудань университетінің офтальмология және отоларингология ауруханасы және Қытайдың коммерциялық авиация корпорациясының (COMAC) серіктестігімен жүзеге асырылып жатыр.

әуе аурухана

Аталған жоба Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет іске асырылып отыр. Ол медицина, ғылым және жоғары білім салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

көз

Іс-шара барысында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Фудань университетінің офтальмология және отоларингология ауруханасы медициналық білім беру, ғылым және кадрлар даярлау салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған келісімге қол қойды. Сонымен қатар Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасында офтальмология саласындағы ынтымақтастық туралы көпжақты келісім жасалды.

баха

«C909 ұшатын госпиталінің миссиясы Қазақстан мен Қытай арасындағы медицина, ғылым және жоғары білім салаларындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беріп, академиялық ұтқырлықты дамытуға, ғылыми зерттеулерді кеңейтуге және инновациялық медициналық технологияларды енгізуге мүмкіндік ашады», деп атап өтті ҚазҰУ Басқарма мүшесі Бақытжан Омаров.

Іс-шара қонақтарына офтальмологиялық және оториноларингологиялық көмек көрсетуге арналған әлемдегі алғашқы мамандандырылған әуе медициналық кешені – C909 ұшатын госпиталінің мүмкіндіктері таныстырылды. Кешен заманауи операциялық бөліммен, телемедицина жүйелерімен және көру мүшелері ауруларын диагностикалауға арналған жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған. Бұл скрининг пен диагностикадан бастап хирургиялық емдеу және кейінгі оңалтуға дейінгі медициналық көмектің толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Денсаулыққа бастар әуе Жібек жолы» жобасын іске асыру ғылым, жоғары білім және денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі болмақ. Бастама озық медициналық технологияларды енгізуге, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуға және Орталық Азия елдері тұрғындары үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу:
Аспандағы аурухана: Қазақстанда алғаш рет C909 ұшатын госпиталі таныстырылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар