Елорда
5 мин оқу 32

Астананың цифрландырудағы әлеуеті

<p style="text-align: left;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы еліміздің технологиялық бағытының өзгергенін аңғартты. Жақында қабылданған &laquo;Digital Qazaqstan&raquo; жалпыұлттық стратегиясы енді цифрландыруды жеке саланың ғана емес, бүкіл экономиканың өзегіне айналдыруды көздейді. Бұл бағыттағы бастамалардың басым бөлігі дәл елордада жарияланып, жүзеге асып жатыр.</p>

Астананың цифрландырудағы әлеуеті

Ақпараттық қауіпсіздік  ғылыми негізде дамиды

Бұл сөзіміздің  мысалы ретінде елімізде ақпараттық қауіпсіздік сала­сындағы Ұлттық даму институты құрылғанын айтар едік. Бұл жоба Жасанды интеллект және цифр­лық даму министрлігінің Цифр­лық үкіметті қолдау орталы­ғының құрамына кіреді. Атал­ған институттың негізгі мін­детіне ақпа­рат­тық қауіпсіздік саласын­да­ғы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу, стандарттау құжаттарын әзірлеу, ғылыми-техникалық қыз­мет жүргізу, жобаларға сарапта­ма жасау, сондай-ақ осы сала­дағы маман­дарды даярлау және олар­дың біліктілігін арттыру жатады.

Жасанды интеллектінің, бұлт­тық технологиялардың қарқын­ды дамуы және киберқауіп­тер­дің көбеюі жағдайында деректерді қор­ғау мен аса маңызды инфра­құ­ры­лым қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ғылыми тәсілдің маңызы артып келеді. Институт іргелі және қолданбалы зерттеулерге, заманауи киберқауіптерді модельдеу­ге, цифрлық криминалистикаға, шешімдердің прототиптерін әзірлеуге, киберполигондар құруға және ақпараттық қауіпсіздік сала­­сын­дағы ұлттық білім қорын қалып­тастыруға басымдық береді.

Институттың алғашқы халық­аралық жобасының бірі – ал­дағы 25–27 маусым аралығында Ыстанбұл қаласындағы Istinye University базасында өтетін 2nd IEEE International Conference in Cybersecurity, Digital Forensics and AI Applications (ICCSDFAI 2026) халықаралық конференциясын ұйымдастыру болды. 

Конференцияны Цифрлық үкіметті қолдау орталығы 11 университеттен, мемлекеттік органдардан және технологиялық компаниялардан құралған халықаралық консорциумның қатысуымен ұйым­дастырды. Конференция мате­риалдары IEEE халықаралық дерекқорын да жария­ланып, индекстеледі, бұл олардың әлемдік ғылыми қауымдастық арасында кең таралуына мүмкіндік береді.  

NVIDIA және Firebird: Қазақстанға $10 миллиардтық сенім

Астанада өткен ең маңызды кездесудің бірі – Премьер-министр Олжас Бектеновтің NVIDIA және америкалық Firebird компа­ния­сы­ның басшыларымен келіссөзі болды.  Бұл кездесу еліміздің цифрлық тарихындағы ең ірі инвестициялық жобалардың біріне жол ашты. 

Кездесу барысында жалпы көлемі 10 миллиард долларға тең келісімдерге қол қойылды. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық AI инфрақұрылымын құру мен жоғары өнімді есептеу орталықтарын іске қосу және жаңа буындағы деректерді өңдеу орта­лықтарын салу. Премьер-министр жасанды интеллект пен цифр­лық инфрақұрылымды дамыту біздің елдің негізгі басымдық­та­ры­ның бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Премьер-министр «ДӨО алқабы» жобасының негізгі артықшылықтарына назар аударды. Олардың қатарында ауқымды жер резерві, жеңілдіктер және электр энергиясының бәсекеге қабілетті бағасы бар. Жобаны кең ауқымда тарату мүмкіндігі инвес­торлар үшін маңызды фактор болып табылады, яғни қазіргі таңда 300 МВт қуат қолжетімді болса, алдағы уақытта оны кезең-кезеңі­мен 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр. 

Жаңашыл цифрлық кеңсе

Астана күні  қарсаңында елордада «Apple Store» қағидатына негіз­дел­ген жаңа буын цифр­лық кеңсе – Smart Point ашылды. Жаңа форматтағы кеңседе мемлекеттік қыз­меттерді өз бетінше алу қағи­даты басымдыққа ие. Ал «Аза­мат­тарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының қызмет­керлері азаматтарға цифр­лық сервистерді пайдалану бойынша кеңес беріп, қажетті қызметті рәсімдеуге бағыт-бағдар көрсетеді.

Жаңа кеңсенің жұмысымен  Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев танысты. «Азаматтарға арнал­ған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясы басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев министрге «Smart Point» тұжырымдамасы мен кеңсенің функционалдық аймақ­тары туралы айтып берді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға арналған цифрлық шешімдер көрсетілді.

«Мемлекеттік қызметтерді цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары негізінде көрсетудің жаңа моделін қалыптастыру маңызды. «Smart Point» сияқты форматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жаңа деңгейге көтереді. Бүгінгі таңда осы үлгіні кеңінен енгізу – басты міндеттердің бірі. Себебі бұл азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арт­ты­руға тікелей ықпал етеді», деді  Жаслан Мәдиев.

«Smart Point» кеңсесінде қызмет алушылар мемлекеттік қызмет­­тер­ді онлайн рәсімдеуге арналған компьютерлерді пайдалана алады. Диалог форматында жұмыс істейтін «eGovGPT» көпагентті жасанды интеллект платформасы қажетті мемлекеттік қызметті анықтап, оны онлайн рәсімдеуге көмектеседі. Сондай-ақ құжаттандыру терминалы арқылы жеке куәлік немесе паспорт алуға өтініш беруге мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, жаңа цифрлық кеңседе цифрлық сервистерді пайдалануды үйретуге арналған оқу сыныбы мен жайлы күту аймағы қарастырылған. Smart Point-тің бас­ты ерекшеліктерінің бірі – тәулік бойы жұмыс істейтін құжаттарды беру аймағы. 

Alem.ai болашақ көшбасшыларын ­баптайды

Елордамызда жүзеге асып жатқан ЖИ жобаларының негізгі ұйтқысы –  «Astana Hub». Бұл ор­талық  осы саладағы жаңа мүм­кіндіктерге жол ашты. Биыл «Astana Hub» технологиялық кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы қызметін одан әрі күшейтуді көздеп отыр. Ұйымның негізгі мақсаты – стартаптар экожүйесін кеңейтіп, халықаралық нарықтарда табысты жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті технологиялық компаниялардың қалыптасуына қолайлы орта құру. Алдағы кезеңде хабқа қатысушы кәсіпорындардың, әсіресе экспорттан түсетін кірісінің тұрақты өсуі күтіледі. Сонымен бірге шетелдік нарықтарға бағыт­тал­ған жасанды интеллект негі­зін­дегі стартаптардың үлесін арт­тыру жоспарланған.

Осы мақсатқа жету үшін «Astana Hub Silkway Accelerator», «AI’preneurs», «Startup Garage», «AlchemistX», «Hero Training», «Silicon Valley Residency Program» секілді бағдарламалар өз жұ­мы­сын жалғастырады. Бұл бас­та­малар жас кәсіпкерлерге идея­­ны әзірлеуден бастап, оны на­рық­қа шығарып, өндірістік дең­гейге жеткізуге дейін жан-жақты қолдау көрсетеді. Эко­жүйе­нің маңызды тетіктерінің бірі – келешегі зор жобаларға қар­жы салатын «Astana Hub Ventures» венчурлық қоры. Қазіргі уақытта қор «Grand Mobile», «ZYPL AI», «Uniblock», «Surfaice», «Axellero», «Rette (Defect AI)» және «Clarity» стартаптарына инвестиция құйған. Бұдан бөлек, тағы екі инвес­тициялық келісім жасалу кезеңінде тұр. Биыл қор GP/LP үлгісіндегі екінші инвес­тициялық қорды іске қосуды жос­парлап отыр. Қазір жеке инвес­тор­­лардың қаражатын тартуға мүм­кіндік беретін лицензия алу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Жаңа қордың жос­пар­ланған капиталы кемінде 20 миллион дол­ларды құрай­ды. Бұл қаржы келешегі бар стар­тап­тардың қар­қын­ды дамуы­на және олардың халық­аралық нарықтарға шығуына ықпал етпек.

IT саласын дамыту – Үкімет пен Жасанды интеллект және цифр­­лық даму министрлігінің ортақ басым­дығының бірі. Мем­лекет тарапынан көрсетіліп отыр­ған қолдау, «Alem Ventures Fund» қорлар қорының құрылуы, Кремний алқабында, Шанхайда және Дубайда халықаралық ин­но­вациялық хабтардың дамуы, сондай-ақ елімізде супер­компью­тер­лік инфра­құ­ры­лымның қалып­тасуы венчурлық инвестициялар нары­ғын жандандырып, инвес­тиция көлемінің артуына негіз болады. Бұл өз кезегінде отандық стартап­тардың ірі инвестициялар тартып, болашақта құны мил­лиард доллардан асатын unicorn дең­гейіндегі компанияларға айналу мүмкіндігін күшейтеді.

Айта кету керек, бұл – әзірге жарияланған негізгі жоспарлардың бір бөлігі ғана. Осы жылы «Astana Hub» стартаптарды қолдау, инвестиция тарту, инновациялық кәсіпкерлікті дамыту және IT саласына жоғары білікті мамандар даяр­лау бағытындағы жаңа бастама мен бағдарламаны іске асыруды жалғастырады.

Астанадағы alem.ai халық­ара­лық жасанды интеллект орталығы бүгінде білім орталығына да айналып үлгерді. Осында өткен «AI Leaders 2026» бағдарламасы Орталық Еуразиядағы ең ірі бас­қа­рушылық білім жобасын  жүзеге асырды.  

Бөлісу: