Үкімет
2 мин оқу 40

Инвестициялық ынтымақтастық талқыланды

<p style="text-align: left;">Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-пленарлық отырысына келген халықаралық компаниялардың жетекшілерімен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев екіжақты кездесулер өткізді. Кездесуге &laquo;Air Liquide&raquo; тобының өңірлік президенті Николя Пуаро, &laquo;Wabtec&raquo; компаниясының бас атқарушы директоры Рафаэль Олин және &laquo;Alstom&raquo; компаниясының бас атқарушы директоры Мартин Вожур қатысты.</p>

Инвестициялық ынтымақтастық талқыланды

Кездесу барысында Нұрлыбек Нәлібаев Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және экономиканы әр­та­раптандыру бағытында қол­ға алған жұмыстары туралы айтты. Ол өнеркәсіп әлеуетін кү­шейту, инфрақұрылымды жаң­ғыр­ту және жоғары технология­ларды тарту елдің негізгі басым­дық­та­рының бірі екенін атап өтті. Тараптар сондай-ақ бірлескен жобалардың іске асу барысын талқылап, инвестициялық ын­ты­мақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын қарастырды.

«Air Liquide» кластерінің пре­зиденті Николя Пуаромен компанияның еліміз­де жүзеге асырылып жатқан инвести­циялық жобаларын іске асыру мәсе­лелері мен өнеркәсіптік газдарды өндіру саласындағы ынтымақтастықты нығайту талқыланды. Тараптар инвестиция көлемі 100 млн еуродан асатын Павлодар қаласында сутегі өндіру қондырғысын салу жобасына, сондай-ақ «Силлено» ЖШС жобасын техникалық газдармен қамтамасыз ету үшін ауа бөлу стансасын салу туралы жаңа жобаға ерекше назар аударды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Air Liquide» компаниясы заманауи технологияларды енгізіп отырған Қазақстанның сенімді серіктесі екенін айтты.

Рафаэль Олин мырза бастаған «Wabtec» компаниясының басшы­лы­ғы­мен кездесуде бірлескен жұмыстың жоғары нәтижелері, оның ішінде Астанадағы ма­гистралдық тепловоздар шыға­ра­тын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның табыс­ты қызметі айтылды. Өндірісті локализациялау деңгейін арттыруға, сервистік инфрақұрылымды дамытуға әрі отандық локомотив құрас­тыру саласының экспорттық әлеуетін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді.

Премьер-министрдің бірінші орын­басары Мартин Вожур бастаған «Alstom» компаниясының басшы­лығымен теміржол машинасын жасау, цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастықтың өзек­ті мәселелерін және жаңа бір­лескен жобаларды жүзеге асы­ру­дың келешегін талқылады. Астанадағы «Электровоз құрас­тыру зауыты» ЖШС-ның қызметі қаралып, компанияның саланы дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік әлеуетін одан әрі арттыру, экспорттық жеткізілімдерді дамыту және өн­ді­рісті локализациялау деңгейін көтеру туралы жоспарлары аталды.

Кездесулер қорытындысында инвес­ти­циялық ынтымақтас­тықты нығайтуға әрі өнеркәсіптік кооперацияны кеңей­туге өзара мүд­делілік расталды. Ел Үкіметі темір­жол саласын дамытуға, озық тех­нологияларды енгізуге, стратегиялық серіктестікті ны­ғайтуға бағытталған ұзақ­мер­зімді бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бөлісу:
Инвестициялық ынтымақтастық талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар