Білім
2 мин оқу 50

ҰБТ үздігі

<p style="text-align: left;">Қазір негізгі ұлттық бірың&shy;ғай тестілеу өтіп жатқаны белгілі. Бұл тестілеудің басқа&shy;сынан маңыздысы сол &ndash; мұндағы қорытын&shy;дымен грант конкур&shy;сына қатысады. Міне, талапкерлер арасында &laquo;Нағыз ҰБТ&raquo; ата&shy;лып кеткен осы кезеңде қуа&shy;нышты хабар шықты.</p>

ҰБТ үздігі

Ұлттық тестілеу орталығының таратқан ақпаратына сүйенсек, ең жоғары 140 балл тіркелді, үздік нәтижені Қызылорда облысының түлегі Әлфия Балхан көрсетті. Ол Қызылорда қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында «Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті» пәндер комбинациясын таңдап, емтиханды сәтті тапсырды. Негізі тестілеу нәтижесі бойынша талапкер 138 балл жинаған, бірақ ҚазТест сертификатын пайдаланып, «Қазақ тілі» пәнінен балдарын конвертациялады. Осылайша, қазір Әлфия Балханның жалпы нәтижесі – 140 балл.

Тәрбие берген ата-анасы мен білім нәрін сіңірген мұға­лімдерінің үкілеген үмітін ақтаған ҰБТ үздігі өзінің бұл нәтижесіне кітапқұмарлығының ықпалы болғанын айтады. «Мен 11-сынып­тың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Менің арманым – педагог, қазақ тілі мен әде­­биеті пәнінің мұғалімі болу. Кішкентайымнан қазақ классикасын оқуға құмармын, ал менің сүйікті шығармам – Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға, ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анам мен ұстаздарыма алғысымды білдіремін», деді Әлфия.

Естеріңізге сала кетсек, 26 мамырда Павлодар облысының түлегі Әсет Әлтаир 140 балл жинаған еді. Шекті балды 70% талапкер жинады, бес пән бо­йынша орташа балл 66-ны құрады. 240 мыңға жуық талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан аса өтініш берген. ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады.

Бөлісу: