Ұлытау облысында кәсіпорын директоры пара беру үстінде ұсталды
<p><strong>Ұлытау облысында алаяқтық дерегіне қатысты қылмыстық істі оңтайлы шешіп беру үшін тергеушіге ақшалай сыйақы ұсынған ер адам анықталды. Тергеу бөлімінің қызметкері күдіктінің заңсыз әрекеттері туралы өзіндік қауіпсіздік басқармасын құлағдар еткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></strong></p>

Полиция департаментінің жедел іс-шаралары барысында күдікті ақшаны беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды.
Қаражат тәркіленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.
Еске салайық, пара беру бойынша жаза – айыппұл салудан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі шараларды қамтиды.
Бұған дейін Түркістан облысында мектептің бұрынғы директоры лауазымын теріс пайдаланып, мұғалімдерден пара алғаны туралы хабарлаған едік.