100 миллион теңгені құмар ойынға жұмсаған бас бухгалтер сотталды
<p>Батыс Қазақстан облысында аудандық ветеринарлық стансаның бас бухгалтері 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Казталов аудандық соты бас есепшіні 100 миллионнан астам теңге жымқырғаны үшін Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп таныды.
Шымкентте білім саласындағы ірі жемқорлық ісі бойынша айыпталушыларға үкім шықты
Аталған сыбайлас жемқорлық фактісі прокуратура органдарының ветеринария саласында жүргізген тексеруі барысында анықталған. Сотқа дейінгі тергеп тексеруді облыстың арнайы прокурорлары жүргізді. Сотта анықталғандай, лауазымды тұлға ұрлаған қаражатты құмар ойындарға салып жіберген.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ
Сарыағашта құмар ойын ойнаған 4 мемлекеттік қызметкер жұмыстан шығарылды