Аймақтар
1 мин оқу 40

Әуезов университетінде жаңа Конституцияға арналған дөңгелек үстел өтті

<p><strong>1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияны халық арасында кеңінен насихаттау және оның негізгі өзгерістерін түсіндіру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Әуезов университетінде жаңа Конституцияға арналған дөңгелек үстел өтті

Осыған орай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен магистранттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Қатысушылар Ата заңның жаңартылған редакциясы мемлекет пен қоғамның жаңа даму кезеңіне негіз болатын маңызды құжат екенін атап өтті.

Жаңа Конституция еліміздің мемлекеттік даму философиясына жаңа мазмұн енгізді

Дөңгелек үстелде заң ғылымдарының докторы, профессор Айсана Сманқызы Жаңа Конституцияның елдің жаңа даму кезеңіндегі рөліне тоқталып, Конституциялық соттың өкілеттіктері мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы, сондай-ақ Халық кеңесінің қызметі туралы кеңінен баяндады.

Жаңа Конституция жедел дамитын қалаларды құруға мүмкіндік береді

Ал PhD, доцент Ардақ Монтаев ұлттық код пен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына назар аударып, Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы орны мен ел бірлігін нығайтудағы рөлі жөнінде жан-жақты түсіндірме берді.

Жаңа Конституция күшіне енді: Қандай өзгерістер бар?

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, Конституцияда көзделген жаңашылдықтардың елдің тұрақты дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және әділетті қоғам қалыптастыруға қосатын үлесін талқылады. Мұндай тағылымды кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу: