Петропавлда «ҚыздарНет» сайтына жәрдемдескендерге алғашқы сот үкімі шықты
<p><strong>Биыл наурыз айында Петропавл қаласының прокуратурасы «ҚыздарНет» тыйым салынған сайтында интим қызметтерді насихаттау мен жарнамалауға жәрдемдескен трансұлттық ұйымдасқан топтың 6 қатысушысына қатысты айыптау актісін ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Топтың заңсыз қызметі белгіленген тарифтер бойынша ақшалай сыйақы үшін интим қызмет көрсететін тұлғалардың анкеталарын ілгерілетуге негізделген.
Биыл 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «ҚыздарНет» сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін елде алғаш рет үкім шығарды.
Барлық қатысушылар кінәлі деп танылды. Трансұлттық ұйымдасқан топтың жетекшісіне 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал оның қатысушыларының әрқайсысына 8 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.