Теңге
1 мин оқу 30

Тимур Сүлейменов: Теңге Ұлттық банктың араласуынсыз-ақ нығайып жатыр

<p><strong>Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қоғамда кең тараған теңге бағамы тек әлсірей береді деген түсініктің дұрыс еместігін айтты. Ол бүгінде ұлттық валютаның нығайып келе жатқандығын да атап өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</strong></p>

Тимур Сүлейменов: Теңге Ұлттық банктың араласуынсыз-ақ нығайып жатыр

Оның сөзінше, соңғы сегіз айдағы үрдіс доллар бағамының үнемі өседі деген пікірдің шындыққа жанаспайтынын көрсетіп отыр. 

«Бұған дейін сарапшылар арасында да, қоғамда да теңге тек әлсірейді, ал доллар тек қымбаттайды деген көзқарас қалыптасқан еді. Алайда Ұлттық банктің араласуынсыз-ақ теңге бағамының нығайып жатқанын көріп отырмыз», деді ол.

Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ

Тимур Сүлейменов шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға қызығушылығы теңгенің нығаюына әсер етіп отырған факторлардың бірі екендігін атады. Оның айтуынша, инвесторлар мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу үшін долларларын теңгеге айырбастайды, бұл нарықтағы шетел валютасының ұсынысын арттырады.

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы тәуекел мен табыстылық арақатынасы қазіргі уақытта әлемдегі ең үздіктердің бірі екендігін, бұл өз кезегінде теңгенің нығаюына жол ашатындығын атап өткен еді.

Бөлісу:
Тимур Сүлейменов: Теңге Ұлттық банктың араласуынсыз-ақ нығайып жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар