Ауа райы
1 мин оқу 41

Жаңбыр, найзағай және +46 градусқа дейінгі аптап ыстық: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

<p>Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жаңбыр, найзағай және +46 градусқа дейінгі аптап ыстық: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Тек елдің оңтүстігі мен орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ солтүстік облыстарда да бұршақ жауу ықтималдығы бар.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. Ал түнгі және таңғы уақытта еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Қатты ыстық күтілетін өңірлер:

+35…+39°C – Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарында;

+38…+42°C – Жамбыл облысында;

+40…+43°C – Түркістан және Қызылорда облыстарында;

+43…+46°C – Маңғыстау облысында.

Сонымен қатар +40…+42°C аптап ыстық:

Ұлытау облысында

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;

Атырау облысының шығысында;

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында;

Қостанай облысының оңтүстігінде;

Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде;

Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде күтіледі.

Бөлісу: