Заң мен Тәртіп
2 мин оқу 20

Орташа жылдамдық режімі іске қосылды

<p style="text-align: left;">10 шілдеден бастап еліміздегі автожолдардың тағы бес учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова хабарлады.</p>

Орташа жылдамдық режімі іске қосылды

Ішкі істер министрлігі елімізде жол қауіпсіздігін арт­тыру мақсатында жүйелі жұмысты жалғастырып келеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басым міндет. Осы орайда қолға алынған тиімді шараның бірі – автокөлік жолдарында көлік құралдарының орташа жылдамдығын бақы­лау.

ІІМ өкілінің айтуынша, бұл қауіпті маневрлердің, жыл­дамдықты күрт арттырудың алдын алып, жүргізушілердің бүкіл жол бойында белгіленген жылдамдық режімін сақтауына ықпал етеді.

«2025 жылғы 17 наурыздан бері республикалық маңызы бар, ақылы автожолдардың шамамен екі мың шақырымды құ­райтын сегіз учаскесінде орташа жылдамдықты бақылау жүзеге асырылып келеді. Биыл 10 шілдеден бастап бұл жүйе 525 шақырым болатын тағы бес учаскеде іске қосылды. Олар – Ақтөбе – Қандыағаш, Алматы – Қорғас, Көкшетау – Петропавл, Астана – Теміртау және Астана – Щучинск автожолдарының қосымша учаскелері. Сонымен қатар қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 2,5 мың шақырым болатын тағы 14 ақылы жол учаскесін кезең-кезеңмен осы жүйеге қосу мәселесі қарастырылып жатыр», деді А.Боранова.

Оның айтуынша, орташа жылдамдықты бақылау жүйесін енгізудегі басты мақсат – жүргізушілерді жазалау емес, адам өмірін сақ­тау. Статистикаға сәйкес, жылдам­дықты шамадан тыс арттыру ауыр зардаптарға әкелетін жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қалып отыр.

«Барлық жүргізушіні бел­гіленген жылдамдық режімін сақтауға, жолда мұқият әрі жауапты болуға шақырамыз. Жылдам жүремін деп үнем­делген бірнеше минут адам өмірінен қымбат емес. Жол қауіпсіздігі әрқайсымыздың сана-сезімімізге байланыс­ты. Өз­деріңізді және жақында­рыңызды сақтаңыздар!», деді ІІМ өкілі.

Бөлісу:
Орташа жылдамдық режімі іске қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар