Мемлекеттік қызметке әлеуеті жоғары жастар қажет. Әсіресе мемлекеттік аппараттың бірнеше салалық кадры күш-жігері мен білімін жұмсайтын қызметкерлердің жаңа легімен толығуға тиіс. Осы мақсатта Мемлекет басшысы Президенттік жастар кадр резервін (ПЖКР) жасақтауды тапсырған еді. Қазір олардың саны жыл сайын артып, барлығы дерлік түрлі қызметке орналасқан. ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру аясында Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Павлодар облысында көшпелі отырыс өткізді. Басқосудың басты мақсаты – ауыл тұрғындары өндірген өнімді өңдеу және тиімді өткізу инфрақұрылымын қалыптастыру мәселесін жан-жақты талқылау. ...
Семейдегі 25 жыл бұрын пайдалануға берілген аспалы көпірдің бүгінде тозығы жетіп, өңі ескірген. Жақында нысанға күрделі жөндеу жүргізіле бастады. ...
Кейінгі бірнеше жылдың бедерінде облыс орталығы Тараз қаласының көшелері едәуір жаңарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында көлік-логистика саласын жақсарту, қала жолдарының сапасын арттыру туралы тапсырма бергені белгілі. Содан да болса керек, қала ішіндегі көше жолдарының сапасы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, бұл бағытта қолға алынған жұмыс ілкі сәтке де тоқтамақ емес. ...
Биыл жылдың басында Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Он жыл бұрын бауыр циррозына шалдыққан 40 жастағы келіншекке күйеуі мен ағасының ағзасы сәйкес келмей, доноры қайнысы болды. Дәрігерлер 10 сағатқа созылған күрделі операция барысында донор бауырының 65%-ын реципиентке салып, операцияны сәтті аяқтады. ...
Ақмола облысында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағының іргетасына капсула салу рәсімі өтті. ...





Сарапшылар
Көп оқылғандар