26 Қаңтар, 2010

ЖОЛДАР ЖАБЫЛЫП, ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

1454 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Қаңтар айының екінші онкүн­дігінде сынап бағанасы күрт тө­мендеп, адамдарды әбігерге сал­ды. Өңірде де осындай табиғат­тың қатал “мінезі” ерекше бай­қалып, жолға шығып, үскірік боран мен қар құрсауында қал­ғандарға көмек көрсетіліп, бәрі де жақ­сылықпен аяқталғанын айт­қан жөн. Өткен сенбі, яғни 23 қаңтар күні Алматы – Талдықорған –Өскемен бағытындағы күре жолдар жабылып, түнімен жауған жауыннан соң күннің күрт суы­туынан жолдардағы көк мұз ав­то­мәшине ғана емес, жаяу жүр­гін­­шілердің жүруіне де едәуір қи­ын­дық келтірді. Осыған байла­ныс­ты Талдықорған – Алматы және Талдықорған – Өскемен, Достық – Үшарал бағытындағы автокөлік жолдары жабылды. Дегенмен, ертелетіп жолға шық­қан жолаушыларға арнайы бө­лінген техникалар көмекке келді. Жолдарға құм төселіп, тазалау жұмыстары жалғасқаннан соң Талдықорған – Алматы бағы­тындағы жолаушылардың межелі жеріне жетуіне мүмкіндік туды. Ауа райының қолайсыздығы мен жолдарда жүру қаупіне байланысты өңірдегі жағдай бақылауға алынған. Мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға жұмылдырылған. Қазіргі кезде оңтүстік-шығыс­тан соққан жел Жалаңашкөл ай­мағында сағатына 30 метр жыл­дамдықты көрсетуде. Өңірдің қай­бір аймағында қар жауып, тұ­ман түсіп, көктайғақ жол жү­рісіне әлі де кедергі келтіруде. Өңірдегі қалыптасқан жағдайға бай­ла­ныс­ты Талдықорған – Өске­мен, Дос­тық – Үшарал бағытын­дағы жол­дар жабылған. Облыс­тық төтенше жағдайлар жөніндегі департа­мент­тің баспасөз қызме­тінің мәлі­метіне сүйенсек, 25 қаң­тар күні Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының шекара­сындағы мемлекеттік автоинс­пек­ция қо­сынында 31 автомәшине мен ондағы 46 жолаушы тоқ­татылып, жол ашылғанша олар­дың жағ­дайлары бақылауға алыныпты. Мұндай қауіпсіздік шаралары Достық бағытындағы жолдарда да жалғасып отыр. Бұған дейін осы бағыттағы жолға шыққандар қатты соққан боран мен тұман­ның әсерінен қар құр­сауында қа­лып, жедел көрсетілген көмектің нәтижесінде межелі жерге аман-есен жеткізілді. Ауа райының күрт суытуы мен қардың көп түсуіне орай арнайы комиссия құрылып, әр ба­ғыттағы жол қауіпсіздігі мә­селелері қатаң бақыланып, кез­дейсоқ жағдайлардың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. СУ ТАСҚЫНЫНА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛУДА Ағымдағы жылғы қыс айларының ауа райы Сыр аймағында құбылмалы болып тұр. Желтоқсан айының үшінші онкүндігінде күн күрт суытып, саршұнақ аяз Сырдария өзеніндегі мұзды ұстастырып, қалыңдата түскен. Өкінішке орай, бертін келе күн жылынып, нәтижесінде қалыңдаған мұз үстінен жүрген су арнасынан асып, өзен етегіне қоныс тепкен елді мекендерді әбігерге сала бастады. Биыл ғана емес, жыл сайын елді елең еткізетін бұл тосын құбылыс ертеректегі реттіліктің бұзылуынан туындап жүрген жәйт деуге әбден болады. Айта кетейік, өткен жылы көктемде мұз сеңі қауіп-қатерсіз шығарылып салынған. Әрине, оған Сырдарияның қауіпті аймақтарын дер кезінде нықтап алудың септігі тиді. Ал, дариядан ағымдағы жылы келер қауіп бар ма? Енді осы сауалға тиісті мекемелер берген жауаптарға жүгінелік. Арал-Сырдария бассейндік су шаруашылығы инспекциясы берген деректерге жүгінер болсақ, ағымдағы жылы төмен түсіп жатқан су көлемі өткен жылғыдан едәуір көбірек көрінеді. Олардың пайымдауынша, бұл күндері Шардара су торабында 3 млрд. 427 млн. текше метр су бар екен. Ал, Тоқтағұлдан бүгінде секөнтіне 1000 текше метр су келуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп сыңайлы. Былтырғы жылдың осы мезгілінде 8 млрд. текше метрден астам су қоры болған Тоқтағұлда қазір 11,5 млрд. текше метр су жиналған. Содан да Сырдария өзеніне Шардарадан секөнтіне 370 текше метр су түсіп жатыр. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңдегіден 140 текше метр артық. Демек қауіп бар. Сырдарияның Қазалы су торабына дейінгі 115 шақырым арнасын мұз құрсап тұр. Синоптиктердің айтуынша, қаңтар айының соңғы онкүндігі салқын болмақ. Демек, күн күрт суытып, сең жүріп дария деңгейі 60-70 сантиметр көтерілсе, су тасқыны болуы әбден мүмкін. Төтенше жағдайлар министрлігі атап өткендей, ақпан айында “Көксарай” су реттегіші 4 млрд. текше метр су қабылдайтын болса, қауіп сейілмек. Бүгінде жергілікті биліктің тікелей нұсқауымен дария бойындағы қауіпті аймақтардың бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бөгеттердің бұзылмауы басты бақылауға алынуда. Қауіптің алдын алуға байланысты штабтар құрылып, Сырдария өзенінің арнасын күн-түн қадағалауды күн тәртібінен түсірмей келеді. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда облысы.