Аймақтар • 14 Тамыз, 2017

Солтүстікқазақстандық парақор 119 млн теңге айыппұл төлеп, абақтыдан босайтын болды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық сот судьясы Айдархан Жанақов ірі көлемде пара алу қылмысы бойынша істі болған  «Қазавтожол»  ҰҚ АҚ облыстық филиалының бұрынғы директоры Асқар Жанкинге қатысты үкім шығарып,  алған алымын 60 есе етіп қайтаруды міндеттеді.

Солтүстікқазақстандық парақор 119 млн теңге айыппұл төлеп, абақтыдан босайтын болды

Сотталушы Астана-Петропавл тасжолын салып жатқан мердігерлердің  атқарылмаған жұмыстарын жасырып, 2 миллион теңге пара талап еткен болатын.

Адвокаттың жазаны айыппұл ретінде тағайындау туралы өтініші  қанағаттандырылып, заңсыз жолмен қалтаға баспақ болған 2 миллион теңге параны енді 60 есе өсіммен, яғни 119 миллион теңге етіп өтейді.

Айыпталушының дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен өмір бойы аластатылды.

Енді ол міндетті соманы бір ай ішінде төлеуі тиіс. Болмаса алты айға бөліп төлеу үшін сотқа өтініш түсіре алады.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»