Сотталушы Астана-Петропавл тасжолын салып жатқан мердігерлердің атқарылмаған жұмыстарын жасырып, 2 миллион теңге пара талап еткен болатын.
Адвокаттың жазаны айыппұл ретінде тағайындау туралы өтініші қанағаттандырылып, заңсыз жолмен қалтаға баспақ болған 2 миллион теңге параны енді 60 есе өсіммен, яғни 119 миллион теңге етіп өтейді.
Айыпталушының дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтен өмір бойы аластатылды.
Енді ол міндетті соманы бір ай ішінде төлеуі тиіс. Болмаса алты айға бөліп төлеу үшін сотқа өтініш түсіре алады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»