Мектеп • Бүгін, 08:00

Білім ошағындағы бірегей думан

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп-ли­цейінде ұлттық құн­ды­лықтарды ұлық­тауға арналған «Нау­рыз-Думан» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Білім ошағындағы бірегей думан

Таңғы сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жалғасқан думанды басқосу білім ордасының ауласын ұлттық нақышқа толы мәдени кеңістікке айналдырды. Ондағы мақсат – жас ұрпаққа қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениеті мен рухани мұрасын таныту, ұлттық бірегейлікті нығайту және Наурыз мейрамының мазмұнын терең ұғындыру.

а

Мектеп директоры Бе­рікбол Маратұлының ай­туын­ша, бұл күні аулада 42 киіз үй бой көтеріп, әр шаңы­рақта халқымыздың тұр­мыс-тіршілігі мен дәстүрле­рі кеңі­нен дәріптелді. Келуші­лерге ар­налған түрлі таным­дық әрі ойын-сауық алаңда­ры ұйым­дастырылып, көпші­лік­тің қызығушылығын арттырды.

в

Атап айтқанда, «Көктем сыйы» әшекей бұйымдар көрмесі, «Altybaqan Zone» алтыбақан алаңы, «Наурыз дәмі» ұлттық тағамдар жәр­меңкесі, «Бәйге» атқа міну аймағы мен садақ ату бұрышы ерекше ықыласқа ие болды. Бұған қоса, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қозы көтеру, бестас, асық ату, қол күресі, көкпар секілді ұлттық ойындар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты.

с

Сонымен қатар «Шеберлік шеберханасы: дала өрнегі» (ағаш ою), «Тақия – ұлт сәні», «Қыш-құмыралар құпия­сы» бағыттарында қолөнер сабақтары ұйымдастырылды. «Білім әлемі» кітап көрмесі мен «Табиғат сәні» тал егу акциясы да жұрт назарынан тыс қалмады. Ал «BINOM BARYSY» қазақ күресі сайысы мен «Гүлдер шуағы» флешмобы мерекенің көркін аша түсті.

м

ь

л

о

л

Соңғы жаңалықтар