Оқиға • Бүгін, 15:40

Елордада жасөспірім қыз тоғызыншы қабаттан секірмек болған

1 мин
оқу үшін

31 мамыр күні таңертең Астанадағы төтенше жағдайлар қызметіне Майлин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтер терезесінің алдына  16 жастағы қыздың шығып алғаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жасөспірім қыз тоғызыншы қабаттан секірмек болған

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қауіпсіздік шараларын қолға алды. Тұрғын үйдің алдына биіктіктегі құтқару жұмыстарына арналған арнайы «өмір кубы» орнатылды.

Құтқарушылар пәтердің есігін ашып, жасөспірімді қауіпті жерден қауіпсіз аймаққа шығарды. Жедел әрі кәсіби әрекеттердің арқасында қыздың өмірі сақталып қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды.

Өскеменде құтқарушылар көпірден секірмек болған қызды аман алып қалды.

Соңғы жаңалықтар