видеодан скриншот
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 мамыр күні кешке Астана – Павлодар тасжолында болған. Алдын ала дерек бойынша, Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі жол бойындағы қорғаныс құрылғысына соқтығысқан.
Апат салдарынан үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік арнайы тұраққа қойылған.
Атырау облысында аудан әкімнің орынбасары жол апатынан көз жұмды
Куәгерлер түсірген бейнежазбалардан жол қоршауының темір бөлігі көліктің салонына дейін кіріп кеткені байқалады. Соның салдарынан алдыңғы орындықта отырған жолаушы аса ауыр жарақат алған.
Жарақаттанған жігіттің достарының айтуынша, ол Астанадан Павлодарға ата-анасына бару үшін жолға шыққан. Апат болған Төртқұдық ауылы маңында жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Олардың сөзінше, жүргізуші жоғары жылдамдықпен келе жатып, жол қоршауына соғылған. Салдарынан студент оқиға орнында оң аяғынан айырылып, көп қан жоғалтқан. Жедел жәрдем көлігінде оның жүрегі тоқтап қалғанымен, дәрігерлер қайта тірілтіп үлгерген. Кейін ауруханада екінші аяғына да ампутация жасауға тура келген.
Жантүршігерлік жол апатынан Шығыс Қазақстанда үш жігіт көз жұмды
Қазіргі уақытта жас жігіт кома жағдайында жансақтау бөлімінде жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, сапар «Яндекс Такси» қызметі арқылы рәсімделген. Көлікті 22 жастағы жүргізуші басқарған.