Фото: Ашық дереккөз
«Қазгидромет» таратқан мәліметке сүйенсек, Астанада ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C.
Алматыда да күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +21...+23°C болады.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.
Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай болады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +13...+15°C.
Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +16...+18°C.
Атырауда да жауын-шашын күтілмейді. Желдің екпіні 6-11 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +6...+8°C, күндіз +15...+17°C.
Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C.
Қарағанды күн құбылмалы бұлтты. Түнде +4...+6°C, күндіз +18...+20°C.
Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 5-10 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +6...+8°C, күндіз +19...+21°C.
Қонаевта ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +22...+24°C.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай болжанады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +18...+20°C.
Қызылордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +27...+29°C.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашын жоқ. Түнде +5...+7°C, күндіз +23...+25°C.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде +4...+6°C, күндіз +19...+21°C.
Семейде жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +20...+22°C.
Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +3...+5°C, күндіз +23...+25°C.
Таразда жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейеді. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, кей сәттерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +24...+26°C.
Түркістанда күн ашық, жауын-шашын жоқ. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.
Оралда күн құбылмалы бұлтты. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +3...+5°C, күндіз +11...+13°C.
Өскеменде жауын-шашын болмайды. Жел 2-7 м/с. Түнде 0...-2°C, күндіз +18...+20°C.
Жалпы алғанда, оңтүстік және батыс өңірлерде жауын-шашын және жел күшейсе, солтүстік пен шығыста күн райы біршама тұрақты әрі жылы болады.
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады