Экономика • Бүгін, 22:14

Отандық өндірушілерді қолдау: шетелдік азық-түлікке жаңа шектеу ұсынылды

1 мин
оқу үшін

Қазақстанда шетелдік азық-түлік өнімдерін екі жылға мемлекеттік сатып алулардан алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Отандық өндірушілерді қолдау: шетелдік азық-түлікке жаңа шектеу ұсынылды

«Қаулы жобасы Қазақстан Республикасында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шетелдік текті азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режимнен алып тастауды белгілеуді көздейді. Мемлекеттік сатып алуларға қатысу тиісті тізілімге енгізілген қазақстандық тауар өндірушілерге берілетін болады. Сондай-ақ жоба аясында алып тастау қолданылатын тауарлар тізбесін бекіту және қаулының қолданылу мерзімін екі жыл деп белгілеу көзделген», делінген Үкіметтің тиісті қаулы жобасының сипаттамасында.

Отандық өнімдер дүкен сөрелерінде қашан төрге озады?

Құжатта жобаның «конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысын және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленгені» айтылған.

Соңғы жаңалықтар