Эрнан Альберто Гиль Флорес есімді күзетші сауда орталығы қирандыларының астынан табылды. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, құтқарушылар аман қалғандарды анықтау үшін әр бес минут сайын «үнсіздік минутын» жариялап, дыбысқа құлақ түреді.
Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1700-ден асты
Соңғы мәлімет бойынша, шамамен 50 мың адам әлі де із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Қаза тапқандар саны 2 295 адамға жетсе, тағы 11 267 адам жарақат алған.