Құтқарушы • Кеше

Алматы облысында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруімен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ақсай өзенінің су ағысын карьерден негізгі арнасына бұру жұмыстары жалғасуда. Учаскеде инженерлік техника жұмылдырылып, қажетті инженерлік іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді

Қарасай ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Барлығы 11 адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қауіпті учаске тұрақты бақылауда, тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдай: Ақсай өзені жағалауын су шайып кетті

Еңбекшіқазақ ауданында жағалауды бекіту, жолдың бүлінген бөлігін тазарту және көлік қатынасын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін ТЖМ қызметкерлері 42 адамды, оның ішінде 5 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялаған болатын. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ: Алматыда гидрологиялық жағдай тұрақты

Аталған жұмыстарға ТЖМ бөлімшелері, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, «Қазселденқорғау» мамандары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

Аймақтағы жағдайды ТЖМ тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар