Ойын BMO Field стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 04:00-де басталады. Матчты тікелей эфирден Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Бұл кездесуде мамандар фаворит ретінде Португалия құрамасын атап отыр.
Топтық кезеңде Португалия К тобында 5 ұпай жинап, екінші орын алды. Команда Өзбекстан ұлттық футбол құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, Конго құрамасымен 1:1, ал Колумбия ұлттық футбол құрамасымен 0:0 есебімен тең түсті.
Ал Хорватия құрамасы да L тобында 6 ұпаймен екінші орынға тұрақтады. Хорватиялықтар Панама құрамасын 1:0, Гана ұлттық футбол құрамасыны 2:1 есебімен жеңді. Тек Англия құрамасынан 2:4 есебімен жеңілді.