Оқиға • Бүгін, 18:49

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

1 мин
оқу үшін

Бүгін Қарағанды қаласындағы Республика даңғылында жол жөндеу жұмыстары кезінде асфальт нығыздағыш жүргізушісінің қағып кетуі салдарынан жол жұмысшыларының бірі көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда жол жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшы қаза тапты

Фото: Ашық дереккөз

Куәгерлер жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта жазатайым оқиға болғанын хабарлаған.

Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары барысында асфальт төсегіш катоктың жүргізушісі кері бағытта қозғалып келе жатып, екінші жол жұмысшысын қағып кеткен.

«Оқиға салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады полиция.

Тергеу жүргізіліп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қарағанды қаласында жазатайым оқиға салдарынан кәріз құдығына түскен екі жұмысшы көз жұмды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Президент жаңа заңға қол қойды

Президент • Бүгін, 20:18