Әлем • Бүгін, 09:30

Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды

2 мин
оқу үшін

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісі салдарынан 2 295 адам қаза тауып, 11 000-нан астам адам жарақат алды. Елде жеті күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Венесуэлада 7 күндік ұлттық аза тұту жарияланды

Венесуэлада 25 маусымға қараған түні болған екі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2295 адамға жетті. Бұл туралы елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес мәлімдеді. Сонымен қатар, қазіргі мәлімет бойынша 11 267 адам жарақат алып, шамамен 13 мың адам баспанасыз қалған.

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты

Ал БҰҰ-ның бағалауынша, шамамен 50 мың адам із-түзсіз жоғалған. Родригестің айтуынша, олардың 30 мыңға жуығы ең қатты зардап шеккен Ла-Гуайра қаласының порт аймағында болған. Оның сөзінше, құтқарушылар үйінді астынан шамамен 6,5 мың адамды аман алып шықты. Тірі қалғандардың саны 20 мың адамға дейін жетуі мүмкін, өйткені көптеген тұрғындар өз күшімен немесе жақындарының көмегімен құтылып үлгерген.

Венесуэладағы жер сілкінісінен 6,7 миллионнан астам адам зардап шекті

Елде жеті күндік аза тұту жарияланды

1 шілде күні Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес жер сілкінісі құрбандарын еске алу мақсатында елде 7 күндік ұлттық аза тұту жариялады. Ол сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де күшіне енді.

Еске салайық, Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жергілікті билік аталған елде төтенше жағдай режимін енгізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Басым міндеттер айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10