Оқиға • Бүгін, 09:55

Антистресс ойыншықтың зардабы: Алматыда 7 жастағы қыз химиялық күйік алды

2 мин
оқу үшін

Алматы қаласының тұрғыны Әсел Пак қауіпті антистресс-ойыншықтарға қатысты шағымданды. Оның айтуынша, танымал сквиш ойыншығы 7 жасар қызының қолында жарылып, ішіндегі сұйықтық баланың денесіне тиген. Салдарынан кішкентай қыз химиялық күйік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антистресс ойыншықтың зардабы: Алматыда 7 жастағы қыз химиялық күйік алды

Фото: Pixabay.com

31 арнаның мәлімдеуінше, қыздың анасы сатып алу чегін және барлық медициналық анықтамаларды сақтап қойған. Қазір ол мемлекеттік органдардан аталған өнімге қатысты тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Әңгіме гель тәрізді толтырмасы бар танымал сквиш ойыншығының көшірмесі (репликасы) туралы болуы мүмкін.

«Ойыншықтың ішіндегі гель тәрізді сұйықтық сыртқа шашырап, қызымның терісіне жабысып қалды. Сол гель терімен бірге сылына бастады. Дәрігерлердің иық белдеуі мен жоғарғы аяқ-қол аймағының химиялық күйігі деген диагноз қойды», деді Әсел Пак.

Психологтар мұндай сырт көзге зиянсыз көрінетін ойыншықтардың бала өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді.

Балалар ойыншықтарына мониторинг жүргізілді

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, дәл осы антистресс ойыншықтарына арналған жеке қауіпсіздік талаптары жоқ, оларға жалпы балалар өнімдеріне қойылатын ережелер қолданылады.

«Елімізге әкелініп, сатылатын барлық ойыншықтардың сәйкестік сертификаты болуы тиіс. Сквишке де оның қауіпсіздігін растайтын сәйкестік сертификаты қажет. Ата-аналардың ойыншықты сатып алмас бұрын сатушыдан осы сертификаттың бар-жоғын сұрауға толық құқығы бар», деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы Розалина Ермекпаева.

Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Егер ойыншықтың қауіпсіздік талаптарына сәйкес еместігі және жарақатқа сол себеп болғаны анықталса, өндіруші немесе сатушы заң алдында жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Ойыншық сапасымен ойнауға болмайды

Соңғы жаңалықтар

Басым міндеттер айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10