Әлем • Бүгін, 09:59

Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды

1 мин
оқу үшін

Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясының 105 жылдығына орай өткен салтанатты іс-шарада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин елдің дамуына ерекше үлес қосқан 8 адамға ең жоғары партиялық марапат – «1 шілде» орденін табыстады. Марапатталғандардың қатарында қазақ ұлтынан шыққан дәрігер Оқас Сүлеймен де болды. Ол – осы жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды

Фото: CCTV

Оқас Сүлеймен 40 жылдан астам уақыт бойы Шыңжаң − Ұйғыр автономиялық ауданындағы Дөрбілжін елді мекенінде дәрігер болып қызмет атқарған. Ол ондаған жыл бойы аптап ыстыққа, қақаған аязға және қолайсыз ауа райына қарамастан, шалғайдағы малшы ауылдарға атпен барып, тұрғындарға медициналық көмек көрсеткен.

Президент қолынан марапат алған ауыл дәрігері

Дәрігер еңбек жолында 100 мыңнан астам науқасты қабылдап, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ 3200-ден астам сәбидің дүниеге келуіне көмектесті.

Тоқаев ҚХР Төрағасы ұйымдастырған салтанатты қабылдауға қатысты

Айта кетейік, «1 шілде» ордені – Қытайдағы ең беделді партиялық марапаттардың бірі. Ол 2017 жылы тағайындалғаннан бері бұл жоғары наградаға небәрі 37 адам ғана ие болған.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады

Айта кетейік, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин былтыр Астанаға келген болатын. 

Соңғы жаңалықтар

Басым міндеттер айқындалды

Саясат • Бүгін, 09:12

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10