Аймақтар • 14 Тамыз, 2017

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының 414-ұйымы құрылды

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Blue Star.PV» ЖШС негізінде жаңа бастауыш партия ұйымы жұмысын бастады. Өңірде «Blue Star.PV» серіктестігінің 17-жанармай құю бекетінің ашылды. Партияның қоғамдық қызметекрі Айбек Жұматовтың айтуынша, осы күні «Нұр Отан» партиясы қатарына енуге компанияның 104 жұмыскері өтініш беріпті. Кәсіпорын ұжымы партия қатарына енудің қаншалықты маңызды, әрі жауапты екендігін сезінуде.

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының 414-ұйымы құрылды

– Елімізде кәсіпкерліктің дамуына көңіл бөлінуде. Біздер өз тарапымыздан Елбасының стратегиялық бағдарламарын жүзеге асыруға және өңірдің қоғамдық өміріне үлес қосқымыз келеді, – дейді партия мүшелері.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко ТОО «Blue Star.PV» ұжымына қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.

– Бұл жеке кәсіпкерліктің қалай дамуы керектігінің жақсы үлгісі. Бастауыш партия ұйымының құрылуы мұндағы ұжымның жауапкершілігін, әрі саяси сауаттылығын көрсетеді. Кәсіпорын облыстың қоғамдық-саяси жұмысындағы белсенділігімен танылып келеді. Мен партия атынан бұл бастамаға қолдауымды білдіремін, – дейді.

«Blue Star.PV» компаниясы нарықта жол жақсы, тәжірибеге ие. Компания бүкіл әлемге белгілі газбаллондық құрылғыларды өндірушілердің сертификатталған өкілі және газбаллондық қондырғыларды монтаждау бойынша лицензияланған орталық болып есептеледі.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Павлодар