Аймақтар • 14 Тамыз, 2017

Атырау облысы әкімдігінде басқарма басшылары ауысты

514 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев облыс активіне Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Елеусізов Айқын Қылышұлы тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысы әкімдігінде басқарма басшылары ауысты

Елеусізов Айқын Қылышұлы 1986 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары, Қазақ гуманитарлық заң университетін «қаржыгер» мамандығы бойынша бітіріп, Қазақ қатынас жолдары университетінен экономика ғылымдарының магистрі атағын алған.

Еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Астана қаласы бойынша қазынашылық департаментінде мемлекеттік органдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және транзиттік саясат департаменті транзиттіқ саясат басқармасында бас сарапшы, 2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Экономикалық интеграция департаменті көлік және инфрақұрылым басқармасының басшысы, 2016 жылдың қазан айынан бері Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Сондай-ақ Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Құспан Роллан Қабылұлы тағайындалды.

Құспан Роллан Қабылұлы 1987 жылы дүниеге  келген. Білімі - жоғары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «есеп және аудит» мамандығы, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен аймақтану магистрі атағын алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінде есепші қызметінен бастаған.

2010-2012 жылдары «Қазақстан жастары конгресі» заңды тұлғалар бірлестігі директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары осы бірлестіктің атқарушы директоры, 2014-2015 жылдары «Жас Отан» жастар қанатының Республикалық қоры» Корпоративтік қоры директорының орынбасары, 2016 жылдың қыркүйегінен бері Алматы қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарды.