Қазақстан • 23 Тамыз, 2017

Белгісіз біреулер Kaspi bank бөлімшесін тонап кетті (видео)

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Kaspi bank-тің Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Банк тонаушылар туралы ақпарат бергендерге 5 миллион теңге сыйақы береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгісіз біреулер Kaspi bank бөлімшесін тонап кетті (видео)

«Kaspi Bank 22 тамыз күні Талғар қаласындағы бөлімшеге қарақшылық шабуыл жасауға қатысы бар қылмыскерлерді ұстауға көмектесетін маңызды ақпарат ұсынғандарға 5 миллион теңге сыйақы береді», деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, кеше Kaspi bank-тің Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бейнебақылау камерасынан алынған кадрда бетіне бетперде киген екі адамның ғимараттың төбесінен түскені көрінеді. Олардың бірі банк қызметкерлерін байлап, екіншісі кассадағы ақшаны сөмкеге сала бастайды. Қарақшылардың қанша ақша алып кеткені әзірге белгісіз.

Банктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, қарақшылық шабуыл кезінде ғимаратта банк клиенттері болмаған. Банк қызметкерлері зардап шеккен жоқ.

«Олар дереу дабыл тетігін басып, тәртіп сақшыларына хабар берген. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Банктің қауіпсіздік қызметі қылмыскерлерді анықтау үшін барлық ақпаратты беріп, тәртіп сақшыларымен белсенді жұмыс істеуде. Нақты қанша қаржы тоналғаны анықталуда», делінген Kaspi bankі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.