Сенат Төрағасы К.Муттоненді ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы жоғары лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оған табыстар тіледі.
Спикер Қазақстан үшін Пагуош конференциясының қатысушыларын қабылдау үлкен мәртебе екенін атап өтті. «Біздің еліміз жаһандық ядролық қарусыздану қозғалысының көшбасшысы ретінде әлем назарында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау тәртібін нығайту жөніндегі ауқымды бастамалары әлемдік тұрақтылық, тәртіп пен қауіпсіздікке маңызды үлес қосады», – деді Қ.Тоқаев.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Астанада өткен кездесулері туралы Сенат басшысын хабардар етті. К.Муттонен Бас прокуратурада, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде болып, пікір алмасты. Оның айтуынша, Қазақстан мемлекеттің зайырлы принциптерін нығайтуда, конфессияаралық диалогты дамытуда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда қомақты табыстарға қол жеткізген.
Парламентшілер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Оның ішінде, жақында ЕҚЫҰ ПА құрған Терроризмге қарсы күрес жөніндегі комитет аясындағы ынтымақтастықтың келешегі де бар.