Парламент • 28 Тамыз, 2017

Ынтымақтастық келешегі талқыланды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Қа­сым-Жомарт Тоқаев Аустрия Пар­ла­менті Федералдық Жиналысы Ұлт­­тық Кеңесінің депутаты, ЕҚЫҰ Пар­ла­менттік Ассам­блея­сы­ның Тө­рағасы Крис­тин Муттоненмен кез­десті, деп ха­бар­лады Парламент Сена­ты­ның бас­пасөз қызметі.  

Ынтымақтастық келешегі талқыланды

Сенат Төрағасы К.Мутто­нен­ді ЕҚЫҰ Пар­ла­­менттік Ассам­блея­сының Тө­­­ра­­­ғасы жоғ­ары лауазы­мы­на қай­та сайлануымен құт­тық­тап, оған та­быстар тіледі.

Спикер Қазақстан үшін Пагуош кон­фе­рен­циясының қатысушыларын қа­­былдау үлкен мәртебе екенін атап өт­ті. «Біздің еліміз жа­һандық ядро­лық қарусыздану қоз­ға­лы­сы­ның көш­­­бас­­шысы ретінде әлем назарын­да. Қазақстан Республикасының Пре­зи­ден­ті Н.Назарбаевтың ядролық қа­руды таратпау тәртібін нығайту жө­нін­дегі ауқымды бастамалары әлемдік тұрақ­ты­лық, тәртіп пен қау­іп­сіздікке маңыз­ды үлес қосады», – деді Қ.Тоқаев.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­б­лея­сының төрағасы Астанада өткен кез­де­сулері туралы Сенат басшысын хабар­дар етті. К.Муттонен Бас прокуратурада, Дін іс­тері және азаматтық қоғам ми­нистрлігінде болып, пікір алмасты. Оның айту­ын­ша, Қазақстан мемлекеттің зай­ыр­лы прин­циптерін нығай­ту­да, кон­фес­сия­аралық диалогты дамытуда, аза­маттардың құқықтары мен бос­тан­дық­тарын қорғауда қомақты та­быс­тарға қол же­т­кізген.

Парламентшілер халық­ара­лық күн тәр­тібіндегі өзекті мә­се­лелерді тал­қылады. Оның ішінде, жақында ЕҚЫҰ ПА құр­ған Терроризмге қар­сы кү­рес жө­ніндегі комитет ая­сындағы ын­ты­мақ­тас­тық­тың келешегі де бар.