Білім • Бүгін, 12:43

Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтарды ғылыммен байланыстыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Бұл бағытта еліміздің түкпір-түкпірінде ашылған Келешек мектептері ерекше белсенділік танытып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Келешек мектебінде ерекше стартап жоба іске қосылды

Мәселен, Қостанай қаласындағы №32 Келешек мектебінде «Асық ату ойынындағы параболалық қозғалысты математикалық модельдеу» атты стартап жоба қолға алынды. Аталған зерттеу жұмысы ұлттық ойын мен заманауи ғылымды ұштастырады. Жоба асықтың ұшу траекториясын математикалық тұрғыдан талдау арқылы оның қозғалыс заңдылықтарын түсіндіру және нақты есептеулер негізінде тиімді ату әдістерін анықтайды. Бастама Келешек мектептерінде пәнаралық білім берудегі жаңашыл бағытты айқын көрсетеді.

Оралдық оқушылар қант диабетінің мөлшерін тексеретін құрылғы ойлап тапты

Стартап жобаны аталған мектептің 8-сынып оқушысы Саяжан Ермағанбетова ойлап тапқан. Дарынды оқушыға математика пәнінің мұғалімі Қуанышбай Қарсақбай мен асық үйірмесінің жетекшісі, дене шынықтыру пәні мұғалімі Асылхан Шарипов жетекшілік еткен. 

аа

Зерттеу барысында асықтың қозғалысы параболалық траектория ретінде қарастырылып, бастапқы жылдамдық, лақтыру бұрышы және ауырлық күші сияқты физикалық шамалардың әсері тәжірибе арқылы зерттелді. Оқушылар бақылау жұмыстарын жүргізіп, алынған нәтижелерді математикалық формулалар мен графиктер арқылы талдады. Нәтижесінде асықты дәл атуға ең тиімді бұрыш пен қашықтық анықталып, математикалық модель жасалды.

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты

Осындай ізденістер арқылы мектеп ұжымы бабалар мұрасын ғылыммен сабақтастыра білетін, ертеңгі күні мемлекетіміздің тірегіне айналып, елге адал қызмет ететін білімді ұрпақ даярлауды мақсат тұтады.

Соңғы жаңалықтар