Қаржы • Бүгін, 16:22

Министрлік: Бес айда мемлекеттік бюджет кірісі жоспардан асып түсті

1 мин
оқу үшін

Биыл жыл басынан бері мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан артығымен орындалып, ел қазынасына 11,4 трлн теңгеден астам қаражат түсті. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік: Бес айда мемлекеттік бюджет кірісі жоспардан асып түсті

Фото: istockphoto.com

Министрліктің дерегіне сүйенсек, жоспар бойынша 7,34 трлн теңге көзделгенімен нақты түсімдер 7,41 трлн теңгеге жеткен. Бұл жоспарланған межеден 66,7 млрд теңгеге жоғары екенін айғақтайды. Осылайша республикалық бюджет кірісінің өсім қарқыны былтырға қарағанда 25,1% немесе 1,48 трлн теңгеге артып отыр.

Соның есебінен жергілікті бюджеттердің кірісі 4,05 трлн теңгеге ұлғайған.

«Республикалық бюджеттің трансферттерсіз  кірістер құрылымында 97,7% салық түсімдеріне тиесілі. Соған сәйкес жоспар 5% артығымен орындалып, өсім 30,6% аса ұлғайтылды. Айтарлықтай өсім қосылған құн салығы, корпоративті табыс салығы, пайдалы қазбаларды өндіру салығы және шикі мұнайға экспорттық кедендік баж есебінен қамтамасыз етілді. Әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы баға конъюнктурасы, экономиканың өсімі, іскерлік белсенділік пен салық реформасы кірістердің артуына негізгі фактор болды» делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, бұл азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры: Теңгелік депозиттер табыс табудың құралына айналды

Атап айтқанда негізгі басымдықтарының қатарында автомобиль жолдарын салу мен жаңғырту, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ энергетика, сумен жабдықтау және цифрландыру салаларындағы жобаларды жүзеге асыру міндеттері бар.

Еске сала кетейік, мамыр айында Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өскен еді.

Соңғы жаңалықтар