Фото: logistan.info
Министрліктің мәліметінше, әуе тасымалдаушысы рейстерді Астана халықаралық әуежайы арқылы жүзеге асырады. Компания аптасына 14-ке дейін транзиттік рейс орындауды жоспарлап отыр.
Әзірге әрбір рейстің бағыты мен кестесіне қатысты толық ақпарат жарияланбады.
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Еске салайық, Cargolux Airlines Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын 2007 жылдан бері жүзеге асырып келген. Алайда 2023 жылы коммерциялық жағдайлардың нашарлауына байланысты, соның ішінде авиациялық отын құнының қымбаттауына байланысты транзиттік рейстерін тоқтатқан еді.
Cargolux Airlines International – әлемнің 90-нан астам бағыты бойынша тұрақты және чартерлік жүк рейстерін орындайды. Әуе компаниясының паркі 30 жүк ұшағынан құралған екен.
Бұған дейін SCAT әуе компаниясының жолаушысы ұшақпен тасымалданған мысығын Алматы әуежайында кәдімгі жүк таспасы арқылы бергеніне наразылық білдіргенін хабарлағанбыз.