Экономика •

Иран Қазақстанға Шахид Раджаи портынан жер телімін бөлетін болды

1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің Иранның Жолдар және қала құрылысы министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Иран Қазақстанға Шахид Раджаи портынан жер телімін бөлетін болды

Кездесу кезінде Иран тарапы қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін аталған жер телімі Қазақстанның қарамағына берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар Иран Қазақстанға Чабахар портында жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынды. Бұл порт Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына тікелей шығуға жол ашады.

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

Фарзане Садектің айтуынша, Захедан – Чабахар теміржол желісінің құрылысы 90 пайыздан астам аяқталған. Нысанды алдағы айларда пайдалануға беру жоспарланып отыр. Теміржол іске қосылғаннан кейін Чабахар порты Үнді мұхитын, Орталық Азияны және Еуропаны байланыстыратын халықаралық теміржол желісіне қосылады.

Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді

Өз кезегінде Қазақстан Иран компанияларының Каспий теңізіндегі логистикалық қызметін дамыту үшін Ақтау және Құрық порттарындағы порттық алаңдарды, айлақтар мен терминалдарды ұсыну мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар